+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АБАЙ ӘЛЕМІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 10 августа 2025

АБАЙ ӘЛЕМІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ҰСТАЗ

АБАЙ ӘЛЕМІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ҰСТАЗ

АБАЙ ӘЛЕМІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ҰСТАЗ Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында ұстаздар еңбегін дәріптеу – бүгінгі күннің маңызды ісі. Білім мен өнерді шәкірт бойына сіңіріп, ұлт мәдениетіне үлес қосып жүрген мұғалімдер қатарында Шалқар ауданындағы І.Үргенішбаев атындағы орта…

АБАЙ ӘЛЕМІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ҰСТАЗ

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында ұстаздар еңбегін дәріптеу – бүгінгі күннің маңызды ісі. Білім мен өнерді шәкірт бойына сіңіріп, ұлт мәдениетіне үлес қосып жүрген мұғалімдер қатарында Шалқар ауданындағы І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Сәрсетов Абай Болатұлы да бар.

📄Өнер жолындағы өмір

Абай Болатұлы 1970 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін тәмамдап, музыка пәнінің мұғалімі мамандығын игерді. Еңбек жолын 1991 жылы Шалқар қаласындағы №40 орта мектепте музыка жетекшісі болып бастады. Кейін №6 орта мектепте қызмет етіп, 2004 жылдан бері І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінде музыка пәнінен дәріс беріп келеді.

📄Соңғы жылдардағы жетістіктері

Абай Сәрсетов шәкірттерінің шығармашылық қабілетін дамытуда үлкен еңбек сіңіріп жүр. Соңғы үш жылда республикалық «Айбыны асқақ – Ата заң» және «Абай – 180 жыл» өнер фестивальдерінде, облыстық «Үздік сабақ жоспары» байқауында (3-орын), «Біз – Тәуелсіз ел ұландары» мен «Жауқазын» хор байқауларында, сондай-ақ аудандық «Әнші балапан» байқауында жетекші ретінде жүлделі жетістіктерге қол жеткізіп, 2025 жылы республикалық Алғыс хатпен марапатталды.

📄Ізденіс пен жаңашылдық

Заманауи білім беру үрдісін ұстанған ұстаз ретінде Абай Болатұлы республикалық семинарларға қатысып, кәсіби біліктілігін арттырып келеді. 2024 жылы «Жасанды интеллект және заманауи платформалар музыка сабағында» тақырыбындағы семинардан сертификат алды. Сондай-ақ, «Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі» бойынша 80 сағаттық курсты тәмамдады.

📄Өнегелі өмір жолы

Жас ұрпаққа өнер арқылы тәрбие беріп келе жатқан Абай Болатұлы өз ісіне адал, кәсіподақтың белсенді мүшесі. Оның еңбегі мен табандылығы Ұлы Абай өсиет еткен «Толық адам» қағидатына сай өмірлік ұстанымының айқын көрінісі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности