+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › 25 - МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
Новости 24 мая 2021

25 - МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

25 - МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

25 - МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ атынан Сіздерді 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын…

25 - МАМЫР СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ



ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!




«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы»
ҚБ атынан Сіздерді 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!




Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын.

Пандемия жағдайында Сіздерге қолданыстағы тәжірибелерге сүйене отырып,
уақыт ағымына жедел ілесу міндеті жүктелді.

Ұрпаққа үздіксіз білім берудің соны тәсілдерін лайықты түрде игеріп, жанкешті жұмыс істедіңіздер.
Осындай ұшан-теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз ел болашағы үшін
атқарылғандығын біз жақсы түсінеміз.

Осы үшін де Сіздерге мың алғыс, қадірлі Ұстаздар!



Биылғы оқу жылында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
сала қызметкерлері -кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін
қорғау бағытында атқарған жұмыстары аз емес.


2020 жылы Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары тарапынан еңбек
заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау аясында 1610 тексеру жүргізіліп,
түрлі 1768 бұзушылық анықталды.

63 қызметкер жұмыстарына қайтарылды, оның ішінде үшеуі сот орындарына жүгіну арқылы болса,
260 заңсыз жұмыстан шығарудың алды алынды.
Кәсіподақ мүшелеріне 1,4 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Осы уақыт аралығында кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен 2961 жазбаша өтініш қаралды.




Кәсіподақ пен мүшелік ұйымдары еңбек заңнамасын және әлеуметтік әріптестік
актілерін орындауға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру және құқықтық қызметті нығайту
бағытындағы жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек.




Ардақты әріптестер! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, амандық тілеймін.
Жыл бойы атқарған жұмыстарыңыз жемісін беріп, шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтасын.
Жазғы демалысты шуақты, қуанышты да жайлы жағдайда өткізуге тілектестік білдіремін.

Құрметпен,
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности