+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Деятельность › Профсоюзное обучение › КӘСІПОДАҚ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Профсоюзное обучение

КӘСІПОДАҚ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС

✅ 2025 жылдың 18-19 қарашасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдарындағы ұйымдастыру жұмыстары бойынша мамандарына арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды.

✔️Семинарда салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева кіріспе сөз сөйлеп, кәсіподақтың қалыптасу тарихына, ақпараттық жұмыстың өзектілігіне, ұйым имиджін нығайту шараларына және қызметті цифрландыру мен жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктеріне тоқталды. Салалық кәсіподақ төрағасы бұл бағыттардың кәсіподақ жұмысының сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

🔹Өз кезегінде ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев семинардың мақсатын айқындап, кәсіподақ құрылымдарының ұйымдастырушылық қызметін дамытудағы мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталды.

📝Семинардың алғашқы күнінде кәсіподақ органдарының жұмысын тиімді ету бағытындағы ұйымдастырушылық қызмет міндеттері, кәсіподақ ұйымдарындағы статистикалық есептіліктің мазмұны, талаптары мен мерзімдері туралы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ кәсіби қызметте кездесетін күйзелістен қорғану, стресске төтеп беру жолдары түсіндіріліп, мамандардың психологиялық тұрақтылығын сақтауға арналған ұсыныстар берілді. Кәсіподақтық оқытуды ұйымдастырудың маңызы, оның кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттырудағы рөлі жан-жақты талқыланып, қатысушылар өзара сұрақ-жауап форматында ой бөлісті.

📎Семинардың екінші күнінде Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Ф.Беженаров алғы сөз сөйлеп, әрі қарай тиімді жоспарлау мен командалық өзара іс-қимылды дамыту жолдары, Ақтөбе, Жамбыл облыстарындағы және "Ұстаз" қалалық ұйымындағы кәсіподақ қозғалысын нығайтудағы ақпараттық жұмыстың рөлі, Павлодар облысында қолданылатын ынталандыру тәсілдерін және Абай облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ұйымдастырушылық қызмет тәжірибелері талқыланды. Сонымен қатар, кеңсе жұмысында ЖИ қолданудың тиімді құралдары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен мазмұндалып, практикалық дағды қалыптастыруға бағытталды.

✏️Жалпы, семинар кәсіподақ мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және ұйымдастырушылық жұмыстың сапасын жақсартуға бағытталған маңызды алаң болды.

Профсоюзное обучение
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности